Сипаттамасы
Ақ түсті крем реңкі таблеткалар.
Құрамы
0,5 г бір таблетканың құрамында:
Өсімдік тозаңынан алынған экстракт 0,0001 PNU-ден 1000 PNU-ге дейін (PNU - ақуыз азотының бірлігі);
№1 блистер - 0,0001 PNU,
№2 блистер - 0,001 PNU,
№3 блистер - 0,01 PNU,
№4 блистер - 0,1 PNU,
№5 блистер - 1 PNU,
№6 блистер - 10 PNU,
№7 блистер - 100 PNU,
№8 блистер - 1000 PNU,
№9 блистер - 1000 PNU;
қант опасы, аскорбин қышқылы 0,05 г., тальк.
Негізгі қасиеттері
Иммуностимуляциялық әсері бар өсімдік өнімі. Өсімдіктер тозаңы экстракт біртіндеп жоғары дозасын қабылдау, осы өсімдіктердің тозаңына сезімталдықтың төмендеуіне әкеледі. Бұл ауадағы тозаңның жоғары концентрациясы мезгілінде аллергиялық қабынудың алдын алуға мүмкіндік береді. Иммуностимуляция, сондай-ақ таблеткалардың құрамына кіретін аскорбин қышқылы арқасында қол жеткізіледі.
Қолдану саласы
«Антиполлин» тағамдық биологиялық қоспасы, аллергиялық реакциялардың маусым алдындағы иммунопрофилактикасына арналған.
Қарсы көрсетілімдер
Компоненттердің жеке төзімсіздігі, 5 жасқа дейінгі балалар, поллиноздың асқынуы, жүктілік және лактация кезеңі
Ерекше нұсқаулар
Етеккір циклі кезінде әйелдерде қысқа үзіліс жасау ұсынылады. Таблеткаларды қабылдау күндері ішімдік ішпеген дұрыс.
Қолдану жолы мен дозалары
«Антиполлин»"кінәлі" өсімдіктердің гүлдеуі басталғанға дейін алдын ала 2,5-3 айдан кешіктірмей қабылданады. Қабылдау алдында дәрігермен кеңесу қажет. «Антиполлин» тамаққа дейін, күніне бір таблеткадан, сумен ішпей толық сорылғанға дейін тіл астына қабылданады. Таблетканы қабылдағаннан кейін 30 минут ішінде тамақ ішуге және темекі шегуге болмайды. Қабылдауды шағын дозадан, №1 блистерден бастайды және қабылданатын тозаң сығындысы санын біртіндеп арттырады.
№1 блистер - күн сайын 1 таблеткадан
№2 блистер - күн сайын 1 таблеткадан
№3 блистер - күн сайын 1 таблеткадан
№4 блистер - күн сайын 1 таблеткадан
№5 блистер - күн сайын 1 таблеткадан
№6 блистер - күн сайын 1 таблеткадан
№7 блистер - күн сайын 1 таблеткадан
№8 блистер - 1 күннен кейін 1 таблеткадан
№9 блистер - 1 немесе 2 күннен кейін 1 таблеткадан.
«Антиполлиннің» 2 түрін қабылдаған кезде бір түрі таңертең, екінші түрі кешке қабылданады.
Шығарылу түрі мен қаптамасы
Таблеткалар. Қаптамада 6 таблеткадан 9 блистер, барлығы 54 таблетка.
Сақтау шарттары
Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, +25ºС аспайтын температурада сақтау қажет.
Сақтау мерзімі
1 жыл
Өндіруші және сапа жөніндегі қабылдайтын ұйым:
«Бүрлі» ЖШС, ҚР, 050002 Алматы қ.
Макатаев к-сі, 34
Тел: +7 (727) 397-75-16/17
сайт: www.burly.kz
www.antipollin.ru
e-mail:burly@mail.ru
050002 Қазақстан Республикасы,
Алматы қ-сы, Конаев к-сі, 18/2
Отеген Батыр, Рахимбаев к-сі, 28үй.
E-mail: burlyllp@gmail.com
+7 (727) 389-50-33 |