Menu Close Menu

Өнімнің сипаттамасы

«Бурли» ЖШС компаниясы GMP стандарттары бойынша аллергендік ауруларды диагностикалауға арналған аллергендер сығындыларын шығарады.

Біздің барлық сығындыларымыз ағаштардың тозаңы, шалғындық шөп және арамшөптің тозаңы, үй шаңының кенелері, саңырауқұлақшалар және тамақ өнімдері сияқты табиғи компоненттерден дайындалған.

Шикізатты қатаң бақылау және оңтайландырылған үдерістер бізге жоғары сапалы аллергендердің табиғи сығындыларын шығаруға мүмкіндік береді.

Дәрігерлер мен клиникалардың тілегі бойынша біз әр түрлі көлемдегі 5 мл-ден 1000 мл-ге дейін аллергеннің әр түрін өндіре аламыз.

Аллергендер сығындылары не үшін пайдаланылады?

Аллерген сығындылары тері прик-тестілерін жүргізу үшін пайдаланылады.

Прик-тест дегеніміз не?

Тері прик-тесті (аллергопробалар) - аллергияны анықтаудың ең жылдам және танымал әдісі. Ол аллергендердің қандай түрлері сізге әсер ететінін дәл анықтауға мүмкіндік береді.

Прик-тестті қашан тағайындайды?

Тері тестінің аллергиялық ринитке, демікпеге, есекжемге немесе атопиялық дерматитке тән жедел типті аллергияға күдік туындаған кезде мағынасы бар:

  • тозаңға аллергия;
  • үй шаңы кенелеріне аллергия;
  • тағамдық аллергия
  • зеңге аллергия;
  • жануарлардың жүніне аллергия;

Егер сіздің ауруыңыздың барлық симптомдары мен тарихы нақты аллергенді көрсетсе де, емдеуші дәрігер сіздің диагнозыңызды растап, емдеуді бастамас бұрын сіздің аллергияңыздың нақты себебін анықтауы тиіс. Тері прик-тесті басқа аурулармен және аллергияның басқа түрлерімен салыстырмалы диагностиканың түпкілікті сипатбелгісіне айналады. Сондай-ақ аллергиялық  реакцияның типі анықталады.

Прик-тест қалай өткізіледі?

Прик-тестті мемлекеттік немесе жеке меншік клиниканың амбулаториялық немесе стационарлық жағдайларында дәрігер-аллерголог жүргізеді.

Дәрігер теріге әртүрлі аллергендердің микродозын тамызады, содан кейін әрбір тамшы ішіндегі теріні іс жүзінде ауыртпалықсыз инъекцияны қамтамасыз ететін арнайы скарификатормен аздап теседі.

Аллерген терінің үстіңгі қабатына енеді және аллергия кезінде 10-15 минуттан кейін пайда болатын және өзі бір сағаттың немесе одан жылдамырақ уақытта жоғалып кететін кішкентай күлдіреуік түріндегі тері реакциясын тудырады. Күлдіреуік неғұрлым айқын көрінсе, тиісті аллергияның көрсеткіші соғұрлым айқын болады. Егер сізде сынақ аллергеніне аллергия болмаса, онда терінің тиісті бөлігінде ештеңе болмайды.

Тест өткізілгеннен кейін нәтиже 20 минуттан кейін бағаланады. Дәрігер терінің тесілген жерлерін тексереді және қандай заттектің қызаруға және күлдіреуікке әкелгенін және аллергиялық реакцияның күші қандай екенін белгілейді.



Мекенжайы:


050002 Қазақстан Республикасы,

Алматы қ-сы, Конаев к-сі, 18/2

Отеген Батыр, Рахимбаев к-сі, 28үй.

E-mail: burlyllp@gmail.com


+7 (727) 389-50-33
+7 (727) 389-51-53
+7 701 577 71 66

phone
Up
whatsapp
бүгін бізге қоңырау шалыңыз