Өнімнің сипаттамасы

Өнімнің сипаттамасы

Аллергия термині тек дәрігерлерге ғана емес, сонымен бірге медицинаға қатысы жоқ көптеген адамдарға жеткілікті түрде белгілі. Оның анықтамаларының бірі мынау: аллергия – ағзаның тіндердің зақымдануымен және спецификалық қабынудың дамуымен бірге жүретін қандай да бір затқа жоғары сезімталдық күйі. Аллергия қабыну құбылыстарымен бірге жүретіні барлығына дерлік белгілі. Алайда, аллергиялық реакцияны қандай заттар іске қосатынын барлығы бірдей біле бермейді.  Ол болуы үшін аллерген қажет. Онсыз  аллергиялық қабынудың дамуы мүмкін емес. Аллергендер дегеніміз не?

Аллергендер – ағзаның сенсибилизация (гиперсезімталдық) күйін және  аллергиялық реакцияларын туындататын заттар. Аллергендер, басқа да бөгде бөлшектер сияқты, ағзаға түскен кезде иммундық жүйе тарапынан жауап реакциясын туындатады, алайда бұл реакция сәйкес емес және қабыну құбылыстарына әкеледі. Аллергендер, ең алдымен,  жануар немесе өсімдік текті бөгде ақуыздар, липидтер, мукополисахаридтер, ақуыз емес текті қосылыстар және адам қаны мен тіндері ақуыздарымен өзара әрекеттескен соң аллерген (химиялық, дәрілік) қасиеттеріне ие болатын гаптендер аталатын кейбір төмен молекулалық заттар болып табылады.

Аллергиялық реакциялардың басым көпшілігі ағзаға қоршаған ортадан келіп түсетін аллергендермен туындайды. Олар барлық жерде бар, біз олармен үйде, жұмыста, көшеде кездесеміз. Экзоаллергендерге мыналарды жатқызуға болады:

  • Тозаңдық: (ағаштардың, астық дақылдарының және арамшөптердің тозаңы);
  • Тағамдық: (кез келген тағам өнімі);
  • Эпидермальды: (жүн, шаш, тері, қауырсын, қайызғақ, тырнақтар, сілекей және басқа да жануарлар немесе адамның құрамдас бөлшектері);
  • Тұрмыстық: (үй шаңы кенелері);
  • дәрілік: (кез келген дәрілік зат немесе оның метаболиті, яғни дәрі ағзамен өзара әрекеттесе отырып айналатын заты);
  • бактериялық;
  • зеңдік;
  • химиялық.

Аллергендер – аллергияға шалдыққан адам өмірінде әрдайым болды және болады. Алайда, емнің тиімділігі және өмір сапасы адамның олармен өз қарым-қатынасын қалай құратынына байланысты болады!