Компания туралы мәліметтер

Компания туралы

«Бүрлі» ЖШС компаниясы 1997 жылы құрылған. Оның негізгі қызмет түрлері  бастапқыда «Күңгірт қызылкүреңнің құрғақ және сұйық шырыны» дәрілік субстанциясының және «Эхинал» препаратының өндірісі болды. 2001 жылы дәрілік өсімдіктерді өсіруден бастап, ТМД және Еуропа елдеріне экспортқа бағытталған субстанциялар мен дайын өнімді шығарумен аяқталатын өндірістің толық циклін іске қоса отырып, дәрілік препараттар мен фито-шайларды шығару туралы шешім қабылданды. 2004-2005ж. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің қолдауымен «Бүрлі» ЖШС құрылтайшыларының қатарына Қазақстан Республикасының «Ұлттық инновациялық қоры» АҚ кірді.

Бүгінгі күні «Бүрлі» ЖШС-нің негізгі қызмет бағыттары төмендегілер болып табылады:

  1. Аллергендік тозаңды дайындау және бөліп алу
  2. «Антиполлин» препаратын шығару
  3. Тозаңдық диагностикалық аллергендерді шығару
  4. Ресейде өндірілген аллергендерді жеткізу.

«Бүрлі» ЖШС – бұл заманауи қарқынды дамып жатқан ғылыми-өндірістік компания. Басшылығында ғылыми дәрежесі бар, медициналық, фармацевтикалық және химиялық білімдері бар мамандар жұмыс істейді. Қажет болған жағдайда, жекелеген әзірленімдерге  Қазақстан, Ресей, АҚШ, Түркияның белгілі ғалымдары тартылады.

«Бүрлі» ЖШС өнімдерінің жоғары сапасы және қажет етілуі біздің өнімдерді Қазақстанда, сондай-ақ Ресейде, Қырғызстанда, Өзбекстанда, Түркияда, Монғолияда табысты түрде сатуға көмектеседі.

«Антиполлин» препараты жекелеген өңірлердің жеке тапсырысы бойынша осы аумақтағы ауру көрсеткішінің ерекшелігін ескере отырып өндірілуі мүмкін.

Біз әлеуетті тапсырыс берушілердің аумағында өсетін өсімдіктердің тозаңынан аллергендердің сығындыларын жасай аламыз.

Біздің компанияның миссиясы – халықты аллергияны емдеу және диагностикалауға арналған сапалы, тиімді және ең бастысы қол жетімді препараттармен қамтамасыз ету, аллергиялық ауруларға шалдыққан науқастарды емдеудің қол жетімділігін, тиімділігін  қамтамасыз ету де Қазақстандағы барлық озық клиникалармен ынтымақтастық жасау.

Біздің компанияның мақсаты – аллергиясы бар науқастар  еркін өмір сүріп, өмірге шаттана алуы үшін «Антиполлин» препаратымен емдеуде үздік және жақсы нәтижелерге қол жеткізу.

Біздің компанияның саясаты  – фармацевтикалық өндірістің заманауи стандарттарына пен нарық қажеттіліктеріна бағыттала отырып, аллергиялық ауруларды емдеу және диагностикалауға арналған препараттардың ең үздік өндірушісі болу. Біздің өнімдерімізді Қазақстанда ғана емес, сонымен қатар ТМД елдерінде және алыс шет елдерде де сатуды қамтамасыз ету.