Сублингвальдық иммунотерапия

Сублингвальдық иммунотерапия

Аллергендермен жергілікті спецификалық емдеу кезіндегі гипосенсибилизация механизмінің заманауи  теориясы бірқатар факторларға негізделеді. Тыныс жолының эпителийі және субэпительды лимфоидты тіні науқастың ағзасына экзоаллергендердің кіруіне бірінші тосқауыл болып табылады. Адамның аллергиялық қабынуға табиғи қарсы тұра алушылығы осы тіндердің қалыпты реактивтілігіне байланысты болады. Респираторлық аллергоз (ринит және астма) кезінде тыныс жолдарының жергілікті қорғанышын жүзеге асыратын жергілікті иммунитет бұзылысы салдарынан кілегей қабатының аллергендер кіруіне өткізгіштігі күрт күшееді.

   Иммунитет жергілікті иммуногенезге байланысты болатыны дәлелденген, ол тыныс жолдарының кілегей қабатының сөлдеріндегі әртүрлі класстағы иммуноглобулиндер арқылы іске асырылады. Паратрахеальды лимфатикалық түйіндердің иммунокомпетентті жасушалары, тыныс жолдарының кілегейастылық тініне көше отырып, IgА классындағы сөлдік иммуноглобулинді бөліп шығарады. Осы класс иммуноглобулиндердің басқа класстарынан ерекшеленеді, тыныс жолдарының кірпікті эпителийі жасушаларына тығыз бекітілу қабілеті бар. Сонымен бірге қорғаныш жабыны түзіледі, ол экзоаллергендердің эпителиальды кедергі арқылы кіруіне бөгет болады, сенсибилизацияға және аллергиялық қабынудың өршуіне ықпал етеді. Емдеудің теріастылық әдісіне қарағанда, аллергенді «шок  органының» кілегей қабатына тікелей салғанда кезінде сөлдік IgА реакцияның иммунологиялық фазасына белсенді түрде қатысады.

  Иммунотерапияның  сублингвальдық әдісін қолдану, өз кезегінде лимфатикалық тамырлар арқылы мойын, жақастылық аймақ пен трахеяның лимфатикалық түйіндерінің жүйесімен байланысатын ауыз-жұтқыншақ вальдеер сақинасының (таңдай және жұтқыншақ  бездері, жұтқыншақтың қаптал бездері, ауыздың кілегей қабатының көптеген түйіршіктері) кең беткейіне аллергеннің ұзақ уақыт бойы жанасуына әкеледі. Аллергенді сілекеймен жұтқан кезде иммунологиялық үрдіске сонымен қатар ас қорыту жолының лимфатикалық жүйесі   – пейер түйіндіктері және т.б. қатысады. Осының барлығы аллергенді енгізудің теріастылық және басқа әдістерімен салыстырғанда, емнің тиімділігін елеулі түрде арттырады. Әрі қарай қанға түсе отырып, аллерген Т- и В- лимфоциттердің қатысуымен жалпы иммундық жүйені иммундық үрдіске тартады. Иммунологиялық жады лимфоциттерінің клондары түзіледі, олар науқастың ағзасын тиімді қорғаныш иммунологиялық жауапқа дайындайды.

   Осылайша, аллергенді ауыз бен тыныс жолдарының кілегей қабатына салу жергілікті және жалпы иммунитетті ынталандырады.

    Бұл әдістеме теориялық түрде негізделген, экспериментальды түрде дәлелденген және  с қос соқыр плацебомен бақыланатын әдісті қолданып, мыңдаған науқастарда клиникалық түрде сыналған және емдік мекемелерде практикалық қолдану үшін ұсынылады.

Демек, сенсибилизация мақсатымен науқастың ағзасына енгізген кезде, аллерген төмендегі өзгерістерге әкеледі:

  1. IgE байланыстыратын G класстағы бөгет болатын антиденелердің түзілуі;
  2. А классты сөлдік – кілегей қабат үшін қорғаныш иммуноглобулиндердің  концентрациясының артуы;
  3. Қанда қабыну әсері жасушаларының (эозинофилдердің, базофилдердің, ал тінде мастоциттердің) азаюы;
  4. Макрофагтар мен нейтрофилдердің фагоцитарлық функциясының белсендірілуі;
  5. Бүйрек үсті бездері функцияларын ынталандыру және қандағы кортизол концентрациясын арттыру;
  6. Қан жасушаларының Th-2 ынталандырылған аллергенге жауабын Th-1 ынталандыруға  ауыстыру, бұл аллергиялық реакциялардың медиаторларының  (гистамин, лейкотриендер және т.б.) бөлінуін тежейді.

     Жоғарыда баяндалғандардың барлығы сенсибилизацияның азаюы мен иммунитеттің артуына, яғни  клиникалық сауығуға әкеледі.